Бұдан бұрынғы хабарларында “Азаттық” радиосы ҚР парламенті депутаты Мұхтар Тінекеевтің шағымдануы бойынша, сот процесі басталғандығы туралы хабарлаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, депутат Мұхтар Тінекеев өзінің ар-ожданына нұқсан келтірді деп “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Болат Әбілевті және оның өзін негізсіз қаралаған сөздерін жариялады деп “31 канал” телерадиокомпаниясы мен “Навигатор” интернет газетін сотқа берген болатын. Жұма күнгі болған сот отырысына Болат Әбілов, “Навигатор” интернет газетінің радакторы Юрий Мизинов және “31 канал” телерадио компаниясы мен депутат Тінекеевтің өкілдері келді. Сотта “ Ақ жол” партиясының тең төрағасы Болат Әбілов өзін қорғайтын адвокатының жоқтығы мен қаралатын сот ісіне қатысты куәларының бәрі Қарағандыда екендігін айта келіп, істі қарауды 10 күнге созу туралы өтініш түсірді. Алайда судья Ибраев мырза Әбіловтің бұл өтінішін қанағаттандырмай келесі сот ісі дүйсенбі, 12-шілде күні жалғасатынын баяндады. Болат Әбілов:
-Депутат Тінекеев ар-ожданын 11 млн. долларға бағалап отыр. Істі қарауды бұлар неге тездетеді? Менің қазір адвокатым жоқ, куәларымның бәрі Қарағанды қаласында оларды осында алып келуім керек. Соған 10 күн сұрасам келіспейді.
Бұл таза саяси мәселе. Биліктегілер маған талай рет саясатты қойып, таза бизнеспен айналыс деп талап қойды. Мен өзімнің саяси көзқарасымнан бас тартпаймын. Бүгінгі сот ісінің 12 шілдеге қалдырылуы да тікелей биліктегілердің араласуымен болып отыр. Ал мен ар-ожданын 2 млд. теңгеге яғни 11 млн. долларға бағалап отырған Мұхтар Тінекеевтің дептутаттық мандатты сатып алғандығын дәлелдей аламын, - дейді Болат Әбілов.