Ақтөбе облысында "лаңкестікке қатысы бар" деп айыпталған азаматтарға қатысты сот процесі аяқталды.
Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы Гүлнар Симатованың айтуынша, "1984 және 1985 жылы туған сотталушылар - өмір бойы, 1987 жылы туған сотталушы - 14 жылға, 1990 жылы туған сотталушы - 6 жылға бас бостандығынан айырылған".
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, шілденің 1-іне қараған түні белгісіз біреулер Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Шұбарши ауылы жанында екі полиция қызметкерін өлтірген болатын. "Полицейлерді өлтірді" деп күдікке ілінгендерді тұтқындау мақсатында шілденің 2-сінде жүргізілген арнайы операция барысында "Арлан" арнайы бөлімінің бір сарбазы қаза тауып, үшеуі жараланды.
Шілденің 9-ында "Сұңқар" арнайы бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді ұстауға әрекет жасап, шабуылдаушы жақтан 9 адамды өлтірген. Кейінірек тағы екі күдіктінің ұсталғаны хабарланған.