Accessibility links

Полицияның 6 адамның "көзін жойғаны" хабарланды


Полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс кезіндегі арнайы полиция жасағы. Алматы, 30 шілде 2012 жыл.
Полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс кезіндегі арнайы полиция жасағы. Алматы, 30 шілде 2012 жыл.
Дүйсенбіде Алматының батыс бөлігіндегі Ақкент (Ахселькент) ықшам ауданында арнайы операция жүргізілді. Cенбідегі полиция өліміне күдікті делінген 6 адам оққа ұшты. Оқиғаны бас прокуратура растады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар атыстың таңғы сағат 11-лерден кете басталғанын айтқан. Ақкент ықшам ауданындағы үйлердің бірін полиция қоршауға алған.

Тілшімен сөйлескен тұрғындардың айтуынша, бұл қақтығыс шілденің 28-і күні болған оқиғамен тығыз байланысты.

2012 жылы шілденің 28-і күні таңертең белгісіз біреулер полиция аға лейтенанты Ержан Қайрақбаевты атып кеткен еді. Ол бірден оқиға болған Бекмаханов көшесінде қаза тапты. Ауруханаға жеткізілген екінші полицей Ерназ Қожахметов екі күннен кейін, яғни шілденің 30-ында жан тапсырды.

Алматы полициясы осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш жас жігітке және
Полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс кезіндегі арнайы полиция жасағы. Алматы, 30 шілде 2012 жыл.
Полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс кезіндегі арнайы полиция жасағы. Алматы, 30 шілде 2012 жыл.
бозғылт «Хьюндай» маркалы жеңіл автомашинаға іздеу жариялаған еді.

Шілденің 30-ы түстен кейін Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өкілі Азаттық тілшісіне полицияның "арнайы операциясын аяқтағанын" мәлімдеді. Одан кейін бас прокуратура алты адамның қаза тапқанын ресми хабарлады.

Прокуратура хабарламасында оқиғаның «Ахселькент» ықшам ауданындағы №37 үйде болғандығы айтылған. "Қарулы қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізу кезінде олар берілуден бас тартып, арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарай оқ ата бастады.Қарсы атыспен барлық 6 қылмыскер жойылып, оқиға болған жерден атыс қару-жарақтары табылып, алынды" делінген хабарламада.

ҚАЗА ТАПҚАНДАР КІМ?

Алматының Ақсай ықшамауданымен жапсарлас жатқан "Ахселькент" ықшам ауданының тұрғындары Азаттық тілшісіне полиция қоршаған үйде сырт келбеті дін ұстайтын адамдарға ұқсайтындардың көп тұратынын айтқан. Аула сыпырушының сөзіне қарағанда, күнде таңертең осы үйден бір топ, сақал қойып, тақия киген адам шығып, спорттық жаттығулар жасайды.

Атыс болған "Ахселькент" ықшам ауданы Райымбек көшесі мен Йассауи көшесінің қиылысында орналасқан. Тілшінің хабарлауы бойынша, қоршауға алынған үйдің төртінші қабатынан қою түтін шығып жатыр. Белгісіз топты тұтқындау үшін 100-ге тарта арнайы сарбаз жеткізілген. Әзірше қаза тапқандардың кім екені туралы толық мәлімет берілген жоқ. Бас прокуратура "олар жазаларын бір түзеу мекемесінде өтеп, бостандыққа шыққаннан кейін қарақшылық топ құрғандықтары анықталды" деген хабар таратты.

Оқиға орнына барған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, оқтын-оқтын атылған мылтық дауысына ұқсайтын дыбыстар естілген. Оқиға болып жатқан үйдің маңайына полиция ешкімді жібермеген. Өрт сөндірушілер мен полицейлердің қарасы мол.
Полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс болған тұрғын үй. Алматы, 30 шілде 2012 жыл. Сурет Facebook әлуметтік желісінен алынған.
Полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс болған тұрғын үй. Алматы, 30 шілде 2012 жыл. Сурет Facebook әлуметтік желісінен алынған.

Ал Twitter әлеуметтік желісінде жарияланған жазбалар мен суретке сенсек, қоршауға алынған үйдің төбесінен түтін шығып жатыр.

Осы әлеуметтік желіде оқиға болып жатқан "Ахселькент" ықшам ауданының тұрғындары бір-бірімен ақпарат алмасқан.

Мәселен, Nurzhan деген пайдаланушы "Алматыда атыс болып жатса, ал "Хабар" телеарнасы түрік сериалын көрсетіп жатыр. Соғыс басталса да сериал кесте бойынша беріледі", - деп жазған.

Ал Вероника атты интернет қолданушы "Ахселькентте" тұратын танысыма телефон соқтым, жұмысында шошып отыр" депті.

Бұдан бөлек, "Таңертең балаларды апасына апарып тастағаным қандай жақсы болған" деген сияқты басқа да жазбаларды оқуға болады.

Ал Marzhan Zhumagazina деген қолданушы сағат 15:00-де қақтығыстың аяқталғанын, "бес террористтің көзі жойылғанын" жазыпты.

Азаттық тілшісі оқиға орнына түстен кейін барған кезінде №37 үйдің тұрғындары ішке кірмегенін көрген. Оқиға орнын қоршап алған полицейлер олардың үйге оралуына рұқсат бермеген. Атыс болған пәтердегі мәйіттер тек кешкі тоғыз шамасында ғана шығарыла бастаған. Азаттық тілшісіне тазалықпен айналысатын жұмысшылар оқиға болған үйді жуған соң барып тұрғындардың ішке кіргізілетінін айтқан.

Төмендегі видеоны атыс кезінде жергілікті тұрғындардың бірі түсірген.

Ақкенттегі атыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:03:24 0:00
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG