Accessibility links

Қырғызстанда имамдар аттестациясы басталды


Қырғызстандық имамдардың бірі. (Көрнекі сурет).
Қырғызстандық имамдардың бірі. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда дін қызметкерлерін аттестациядан өткізу басталды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Діни сауаттылықты көтеру мақсатында ұйымдастырылған аттестациядан алдымен мүфтият қызметкерлері, одан соң аймақ қазылары мен мүфтият өкілдері және имамдар өтеді.

Қырғызстан бас мүфтиінің орынбасары Равшан қажы Эратовтың айтуынша, аттестациялық комиссиясының құрамында Ғұламалар кеңесінің мүшелері мен діни сарапшылар бар. Аттестациядан өтпей қалған дін қызметкерлерінің орнына сынақ арқылы басқа адамдар таңдап алынады.

Сарапшылар Қырғызстанда жастардың радикалды діни ағымдарға ілесуін тоқтата алатын білімді діни адамдар аз дейді.

XS
SM
MD
LG