Accessibility links

Даулы кортеж жүргізушілері көлік жүргізу құқығынан айырылды


Астанадағы "жол қозғалысы ережесін бұзды" деп сипатталған той көліктері кортежі жайлы видео скриншоты.
Астанадағы "жол қозғалысы ережесін бұзды" деп сипатталған той көліктері кортежі жайлы видео скриншоты.

Астананың әкімшілік соты бүгін видеоға түсіп қалып, интернетте талқыланған үйлен тойдағы көлік жүргізушілерін бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Жергілікті агенттіктің хабарлауынша, жүргізушілердің біріне дауыс зорайтқыш құрылғысын заңсыз орнатты деген айыппен 25 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 185 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынған.

Бірнеше күн бұрын интернетте Астанадағы орталық көшеде той кортежінің қозғалысы түсірілген видео таралған. Видеода екі көлік көшенің ортасында қалған көліктерге қарама-қарсы бағытта артқа қарай жүргені көрінеді. Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланған.

Кейін ішкі істер министрлігі видео Астанада түсірілгенін, онда министрліктің әкімшілік полициясы комитеті бастығының орынбасары Бақытжан Балташевтің ұлының үйлен той көліктері көрінгенін хабарлаған.

Видео интернетте қызу талқыланған соң министрлік Балташевтың қызметтен босатылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG