Accessibility links

"Ахметов ісінде" айыпталушыларға үкім шықты


Серік Ахметов пен өзге адамдардың соты. Қарағанды, 11 желтоқсан 2015 жыл.
Серік Ахметов пен өзге адамдардың соты. Қарағанды, 11 желтоқсан 2015 жыл.

Бүгін Қарағанды облыстық сотында Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов бастаған 21 адамға үкім шықты.

Судья Серік Ахметовті 10 жылға соттап, мүлкін тәркілеп, оның 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салды.

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдешев 5 жылға сотталып, мүлкі тәркіленіп, өзі 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайтын болды.

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ғабит Мұхамбетов, жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Ернар Дәрібеков - әрқайсысы 3 жылға, «Металлургия және металл өңдеу» компаниясының бұрынғы директоры Анатолий Эссе - 7 жылға, оның бұрынғы орынбасарлары Оразалы Әйменбетов пен Болатбек Ысқақов - әрбірі 3,5 жылға (оған қоса мүліктері тәркіленеді), Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Айдар Телғарин - 4 жылға (оған қоса мүлкі тәркіленеді), «КазАгро» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Дулат Айтжанов 3 жылға,«СПК «Сарыарқа» компаниясының бұрынғы менеджері Ерлан Қисықов 3 жылға сотталды.

Алты адам - жер қатынастары бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары Марлен Шалтақов (3 жыл), премьер-министр кеңсесі бастығының бұрынғы орынбасары Ғабит Матаев (3 жыл), тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бұрынғы бөлім басшылары Айдос Жәкенов пен Мұхтар Адамбеков, сәулет-құрылыс басқармасының бұрынғы қызметкерлері Бақтыгүл Асқарова мен Қанат Мұсаев шартты жазаға кесілді.

«КазАгроФинанс» компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Ғұмар Рахымжанов, «Қазақстан өндірістік корпорациясы» компаниясы бас директорының бұрынғы орынбасары Әлжан Ақмолдаев пен алматылық бизнесмен Думан Нұрбаев айыптарын мойындап, ақталып шықты.

Испаниялық RufepaTecnoagroSL компаниясының Орталық Азия елдеріндегі сауда менеджері Кәмила Піралиева 4 миллион 600 мың теңге айып төлейтін болды.

Сотталушылардың адвокаттары үкімге наразылық білдіріп, апелляциялық шағым беретіндерін айтты.

Сотталғандармен қоштасу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:30 0:00

XS
SM
MD
LG