Accessibility links

Министр: Ауыл шаруашылығы жері шетелдіктерге сатылмайды


Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.
Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Қазақстанда шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлері сатылмайды деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Астанада өткен брифингте.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, брифингте журналистер сұрағына жауап берген Мамытбеков Қазақстанның жер туралы кодексі мен басқа да заңдарында шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер сатылмайтыны көрсетілгенін айтқан. Министрдің сөзінше, жерді тек Қазақстан азаматтары мен жергілікті компанияларға сатуға болады.

Наурыздың соңында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев шілденің 1-інен бастап ауыл шаруашылығы жерлерінің аукцион арқылы сатылатынын хабарлаған. Жерді жалға алып пайдаланып жатқандарға жерін кадастрлық бағасының 50 пайызы шамасына тең бағаға, 10 жылға бөліп төлеу шартымен сату қарастырылған.

XS
SM
MD
LG