Accessibility links

Эстонияда НАТО қатысқан әскери жаттығу басталды


Эстония әскері еріктілерінің дайындығы. (Көрнекі сурет)
Эстония әскері еріктілерінің дайындығы. (Көрнекі сурет)

Эстонияда НАТО қатысқан ірі әскери жаттығу басталды. Kevadtorm 2016 («Көктемгі дауыл 2016») шарасына 6 мыңдай әскер қатыспақ, олардың 1500-і - НАТО-мен одақтас және әріптес 10 елден келген. Эстония қорғаныс министрлігі дерегінше, бұл жаттығуға Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Канада, АҚШ, Швеция, Финляндия, Латвия мен Литвадан сарбаздар келген.

Үш апталық жаттығу Ресеймен шекаралас Тарту, Выру және Пылва уездерінде өтеді. Әскери жаттығу армияға жедел шақырылған жаяу әскер батальонының резервке өтердегі дайындығын тексеруді мақсат етеді.

Жаттығуға польшалық Su-22 шабуылдаушы ұшағы, америкалық F15 және британдық Eurofighter Typhoon жойғыш ұшақтары, CH-47 Chinook жүк тікұшағы да қатысады.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг жуырда Die Welt газетіне берген сұхбатында "бұл альянс Ресейдің әрекетіне күшпен және нанымды түрде тоқтата алатын әсерлермен жауап беруі керек" екенін айтқан.

"Мәскеу Қырымды заңсыз аннекиялап алды, Украинаның шығысында халықаралық нормаларды бұзып отыр. Сондықтан альянстың шығыс шекарадағы әрекетін арттырамыз" деген НАТО-ның бас хатшысы.

XS
SM
MD
LG