Accessibility links

Оралдағы стихиялы митинг аяқталды


Митингіге жиналғандар Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұловпен (ортада) сөйлесіп жатыр. Орал, 4 мамыр 2016 жыл.
Митингіге жиналғандар Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұловпен (ортада) сөйлесіп жатыр. Орал, 4 мамыр 2016 жыл.

Оралда "жер дауына" қатысты рұқсат етілмеген стихиялы митинг аяқталып, жиналғандар орталық алаңнан тарап кетті. Жиналғандар 21 мамыр күні осы алаңға қайта шығатынын мәлімдеді. Белсенділер әкімдікке 21 мамырда ауылшаруашылығы жерлерін сату және шетелдіктерге жалға беруге қарсылық акциясын өткізуге рұқсат сұрап өтініш берген. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, митингіде ешкім ұсталмаған.

Митингіге келгендермен сөйлесуге шыққан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов оларға билік рұқсат етілмеген митингіге қатысқандарды қудаламайтынына уәде берді. Жиналғандар Өтеғұловтың жер мәселесін алаңда емес, әкімдіктің конференция залына кіріп талқылау туралы ұсынысын қабылдамады.

Сәуірдің соңында Атырау, Ақтөбе және Семей қалаларында үкіметтің ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге беру жоспарына қарсы рұқсат етілмеген митингілер өткен. Өзге бірнеше қалада да жер мәселесіне қатысты жалғыз кісілік пикеттер өткен.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG