Accessibility links

Оралда «жерге қатысты» акцияға шыққан белсендіге айыппұл салды


Азаматтық белсенді Исатай Өтепов сотта тұр. Орал, 6 мамыр 2016 жыл.
Азаматтық белсенді Исатай Өтепов сотта тұр. Орал, 6 мамыр 2016 жыл.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында «Абырой» қоғамдық ұйымы белсендісі, 45 жастағы Исатай Өтеповке билік рұқсат етпеген қарсылық акциясын өткізгені үшін сот шешімімен айыппұл салынды. Орал қалалық әкімшілік сотының судьясы Ботагөз Нұрмағамбетова белсендіге 20 айлық есептік көрсеткіш (42 мың теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл кесті.

Исатай Өтеповті 24 сәуірде Орал қаласының орталығында «жер мәселесі» бойынша жалғыз адамдық қарсылық акциясына шыққан кезде полиция ұстаған еді.

Сол күні көрші Атырау облысында осы «жер мәселесі» бойынша жаппай шеру өткен, оны ұйымдастырғаны үшін ешкім әкімшілік жазаға тартылған жоқ.

Белсенді Өтеповтің адвокаты Саян Жүнісбаев айыппұл салу туралы шешіммен келіспейтіні туралы шағым беретінін айтады.

Қазақстанның жер кодексіне жерді жеке меншікке, соның ішінде шетелдіктер қатысатын компанияларға сатуға мүмкіндік беретін соңғы енгізілген түзетулердің биыл шілдеде күшіне енетіні туралы үкіметтің мәлімдемесінен соң елдің бірнеше аймағында көлемді қарсылық акциялары өткен.

Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер заңының даулы баптарына бір жылға мораторий жариялады.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG