Accessibility links

Барак Обама Хиросимаға барады


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама осы айда Жапонияның Хиросима қаласына барады. Обама - таризта бірінші атом бомбасы тасталған Хиросимаға баратын АҚШ-тың іс басындағы алғашқы президент болмақ. Ақ үй АҚШ басшысы Хиросимаға 27 мамырда Азия елдеріне жасайтын сапары аясында баратынын мәлімдеді. Обама Жапонияда "Үлкен жетілік" елдерінің саммитіне қатысады. Ол сапар аясында Вьетнамға да бармақ.

Президент әкімшілігінің хабарлауынша, бұл сапары Обаманың "бейбітшілік пен ядролық қарусыз қауіпсіздікті қамтамасыз ету" принципіне адал екендігін дәлелдейді. Бірақ АҚШ билігі Обама Хиросимада ресми түрде кешірім сұрауы мүмкіндігін жоққа шығарды.

Бұдан жетпіс жылдан астам уақыт бұрын Хиросима және Нагасаки қалаларына АҚШ қолданған жойқын қару 150 мыңға жуық адамның өмірін қиған. Содан кейін бес жылдың ішінде түрлі аурулардан көз жұмған тағы 156 мың адамның ажалын дәрігерлер атом бомбасы жарылысы салдарымен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG