Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырым түбегіне құрлықтан тартылған электр қуатын жеткізетін төртінші әрі соңғы желіні іске қосты. Электр желісінің ашылу салтанатын президент Владимир Путин бақылады. Сочиден видеоконференция арқылы сөйлеген ол электр желісін іске қосуға қатысты "Біз Қырымды оқшаулау әрекетін қысқа уақыт ішінде тойтара алдық" деді.
Ресей энергетика министрі Александр Новактың сөзінше, электр желісі Қырымға күніне 800 мегаватт электр қуатын жеткізеді және ол түбек қажеттілігін толықтай өтейді. Энергетикалық көпір Керченск бұғазындағы суасты кабельдері жүйесі арқылы тартылған. Қырым 2014 жылы наурызда аннексияланғаннан соң да Украинадан электр қуатын сатып алуды тоқтатпаған. Бірақ 2015 жылы қарашада белгісіз адамдар электр қуатын тарату желісінің тірек бағаналарын жарып жіберген Қырым электр қуатынан ажыраған. Киев бұл оқиғаға қатысы барын жоққа шығарады.