Accessibility links

"Норманд төрттігінің" келіссөзі нәтижесіз аяқталды


Украина, Ресей, Франция және Германия сыртқы істер министрлері Павел Климкин (солдан оңға қарай), Сергей Лавров, Жан-Марк Айро және Франк-Вальтер Штайнмайер. Берлин, 11 мамыр 2016 жыл.
Украина, Ресей, Франция және Германия сыртқы істер министрлері Павел Климкин (солдан оңға қарай), Сергей Лавров, Жан-Марк Айро және Франк-Вальтер Штайнмайер. Берлин, 11 мамыр 2016 жыл.

Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин Берлинде өткен "Норманд төрттігі" елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Ресей жағымен Киев үшін Донбаста сайлау өткізуде маңызды шарттармен келісімге келу мүмкін болмағанын мәлімдеді.

Климкин Ресей жағы сайлау заңнамасына қатысты өз ұсыныстарын жасағанын айтты. "Бірақ мен Лавровқа біз украин заңдарын өзіміз жаза алатынымызды және бізге ешқандай ақыл-кеңестің қажет емесін айттым" деді деді Климкин. Ол Киев үшін Донбастағы жергілікті сайлауды басқару негізгі мәселе болып отырғанын да жеткізді.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров болса кейбір шарттарды орындамай Донбаста сайлау өткізу мүмкін емесін мәлімдеді. Оның сөзінше, Донецк және Луганскімен келісілген сайлау туралы заң болуы тиіс. "Әрине, рақымшылық жасалмай бір де бір сайлау сайлау өткізу мүмкін емес" деді Лавров.

Берлиндегі кездесу қарсаңында Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Еуропа Одағының Мәскеуге салған санкцияларының мерзімі аяқталатын шілденің соңына дейін Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер бақылайтын аудандарда сайлау өткізу туралы келісім ұсынатынын айтқан. Штайнмайердің сөзінше, қақтығысты тоқтату, саяси мәселелерді шешу, оның ішінде сайлау өткізу туралы Минск келісімін іске асыру "тым баяу жүріп жатыр".

Украина шығысындағы қақтығысты реттеу туралы "Норманд төрттігіне" Ресей, Германия, Франция және Украина кіреді.

XS
SM
MD
LG