Accessibility links

Армения мен Әзербайжан президенттері Венада кездеседі


Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Берндегі кездесуі. Желтоқсан 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Берндегі кездесуі. Желтоқсан 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Бүгін Венада Армнеия президенті Серж Саргсян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы әлсіз бітімді талқылау үшін кездеседі. Саргсян мен Әлиев 5 сәуірде Армения қолдайтын сепаратистер мен Әзербайжан әскерилері арасындағы қақтығыстан соң бітім орнағаннан кейін алғаш рет кездеспек.

Бітімге қарамастан, аймақта ара-тұра атыс болып қалады. Австриядағы келіссөзге екі ел президентінен өзге АҚШ, Ресей және Франция өкілдері де қатысады.

Армения мен Әзербайжан арасында Таулы Қарабаққа қатысты жанжал совет кезінен жалғасып келеді. 1988-1994 жылдары аймақта әскери қақтығыс болып, салдарынан 30 мыңға тарта адам қаза тапқан, ал Таулы Қарабақтың өзі Әзербайжаннан бөлініп кеткен.

XS
SM
MD
LG