Accessibility links

Белсенді Жанат Есентаевті қамау мерзімі 2 айға ұзарды


Оралдық азаматтық белсенді Жанат Есентаев.
Оралдық азаматтық белсенді Жанат Есентаев.

Орал соты бард әнші, азаматтық белсенді Жанат Есентаевты қамау мерзімін екі айға ұзартты деп хабарлады Азаттыққа оның адвокаты Лариса Симоненко. Есентаевқа қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-тармағы бойынша ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру") айып тағылған.

17 мамырда Есентаев үш күнге қамалған еді. Бұдан бір күн бұрын оның пәтеріне полиция тінту жүргізіп, ұялы телефоны мен жеке компьютерін алып кеткен.

18 мамыр күні кешке Орал соты жергілікті үш белсенді - Исатай Өтепов, Бауыржан Әліпқалиев және Айболат Бөкеновті 15 тәулікке әкімшілік қамауға алған.

Қазақстанда кейінгі екі-үш күнде полиция қысымы күшейіп тұр. Билік қазақстандықтар жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қарсы митингке шығады деп қауіптенеді. Freedom House халықаралық ұйымы бұған дейін Астананы қамалған белсенділерді дереу босатуға шақырған.

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы жерлерін сату және шетелдіктерге жалға беру жөнінде жер кодексіне енгізілген өзгерістерді жүзеге асыруға жыл аяғына дейін мараторий жариялады. Қазір жер реформасы бойынша құрылған комиссия заңды қайта қарап жатыр.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG