Accessibility links

"Әділ сөз" БАҚ өкілдеріне арналған шұғыл желі ашты


Тамара Калеева, "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі.
Тамара Калеева, "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі.

"Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне, штаттан тыс тілшілеріне, блогерлер мен әлеуметтік желіні белсенді қолданушыларға арналған шұғыл желі ашты.

"Әділ сөз" ұйымы сайтында жарияланған хабарламада шұғыл желінің 20-21 мамыр күндері жұмыс істейтіні хабарланған. Ұйым журналистер, блогерлер мен әлеуметтік желіні белсенді қолданушылары митингіден хабар тарату кезінде құқығы бұзылса, құқықтық кеңес, көмек керек болған жағдайда мына байланыс телефондарына +7 7272 72 57 81, +7 7272 61 05 31, +7 7272 72 56 30, 8 705 560 98 90 хабарласуды, немесе 8 701 744 49 36, 8 701 400 79 77, 8 707 700 13 22 нөмірлері бойынша WhatsApp және Telegram желілеріне хабарласуды сұрайды.

Қазақстанда жер мәселесіне байланысты белсенділер мен қарапайым азаматтарды қамау кейінгі үш-төрт күнде күрт жиіледі. Астана мен аймақтарда полиция ұстап, сот 10-15 тәулікке абақтыға жапқан азаматтар саны 20-дан асты. Прокуратура кейбір журналистер мен әлеуметтік желіні белсенді қолданушыларға 21 мамырда митингі болуы мүмкін деген қауіппен өздеріне шақыртып, ескерту жасап жатыр.

XS
SM
MD
LG