Рим Папасы Франциск пен Каирдің Әл-Азхар мешітінің бас имамы Шейх Ахмед әл-Таибпен 23 мамырда Ватиканда кездесті. Тарихи кездесуде Папа мен имам бір-бірін құшақтап, беттерінен сүйісті. Католик шіркеуінің басшысы исламның сүнниттік бағытының жоғарғы шенді басшысы Ватиканда бірінші рет кездесіп отыр.
Кездесу Рим католик шіркеуі мен сүнниттік ислам орталығы Әл-Азхар мешіті бұған дейінгі Папа Бенедикттің мәлімдемесіне наразылық білдірген соң бес жылдық үзілістен кейін жалғасып отыр.
"Біздің кездесуіміз - көпшілікке үндеу" деді Франциск кездесу қарсаңында жасаған қысқаша мәлімдемесінде.
Әл-Азхар мешіті жасаған мәлімдемеде Таибтың Папаның "бейбітшілік пен өзара селбесіп өмір сүруге күш салуға" шақырған кездесуін қабыл алғаны айтылады.
Ватиканның мәлімдеуінше, "шын жүректен шыққан кездесу" жарты сағатқа созылған.