Accessibility links

Талғарда 15 тәулікке қамалған екі тұрғын босатылды


"Рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды" деген айыппен 15 тәулікке қамалған Манас Әбдіманап.
"Рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды" деген айыппен 15 тәулікке қамалған Манас Әбдіманап.

Алматы облысының Талғар ауданында "рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды" деген айыппен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған Манас Әбдіманап пен Қуаныш Сұлтанәли қамаудан босап шықты. Бұл туралы Азаттыққа Манас Әбдіманаптың туысы Ерболат Әлқожа хабарлады. Оның сөзінше, қамалған азаматтарды бүгін таңертең босатқан.

Полиция Талғар ауданы Бірлік ауылының тұрғыны, 1994 жылы туған Манас Әбдіманапты мамырдың 16-сы күні күндізгі сағат 12-де үйінен алып кеткен. Әбдіманаптың туысы Ерболат Әлқожаның айтуынша, не себепті ұстап жатқанын түсіндірмеген полиция өздерімен бірге Манастың телефоны мен ноутбугын да алып кеткен. Әлқожа Талғардағы Дінмұхамед Қонаев атындағы университеттің 4-курсында оқып жүрген інісінің Facebook әлеуметтік желісінде жер мәселесіне қатысты ойларын, жерді жалға беруге қарсылығын білдіріп жүргенін айтады.

Сот Манас Әбдіманап пен Қуаныш Сұлтанәлиді әкімшілік кодекстің 488-бабы ("рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыру") бойынша айыпты деп тапқан.

XS
SM
MD
LG