Accessibility links

Германия парламенті "армян қырғынын" геноцид деп таныды


Германия парламентіндегі Осман империясындағы армян қырғынын геноцид деп тану туралы қарарға дауыс беру. Берлин, 2 маусым 2016 жыл.
Германия парламентіндегі Осман империясындағы армян қырғынын геноцид деп тану туралы қарарға дауыс беру. Берлин, 2 маусым 2016 жыл.

Германия парламентінің төменгі палатасы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман империясында армяндардың жаппай қырылуын геноцид деп танитын қарарды мақұлдады. Бундестаг депутаттары 2 маусымда осман түріктерінің бір жарым миллион армянды қырғаны туралы символдық қарарды қолдап дауыс берді.

Бес беттен тұратын қарар "1915-1916 жылдары армяндар мен өзге де христиан азшылығының геноцидка ұшырағанын еске алуға" шақырады.

Қарар Еуропа Одағының (ЕО) Түркиямен жасасқан мигранттар мен босқындардың Еуропаға ағылуын азайту туралы келісіміне нұқсан келтіруі мүмкін.

Германия канцлері Ангела Меркель Анкараның мигранттарды өзінде ұстап, есесіне ЕО-дан біраз жеңілдік алуын қарастыратын келісімге кәдімгідей үміт артқан.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған дауыс беру қарсаңында қарар қабылданса ол Анкараның Берлинмен екі жақты қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін деп ескерткен.

XS
SM
MD
LG