Бішкек қалалық сотында қырғызстандық құқық қорғаушылар Төлекан Исмаилова мен Азиза Абдырасулованың Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа қарсы шағымы бойынша сот тыңдауы басталды.
Бұған дейін Атамбаев Азиз Абдырасулова мен Төлекан Исмаилованы ел аумағында астыртын әрекает етеді және шетелдік гранттарды пайдаланады деп айыптаған. Абдирасулова мен Исмаилова бұдан соң президенттің үстінен шағымданып, президенттің өздерінен жария түрде кешірім сұрауын және 2 миллион сом (шамамен 29 мың 300 АҚШ доллары) моральдық өтемақы төлеуді талап еткен.
Исмаилова жетекшілік ететін "Бир Дүйнө- Қырғызстан" қоғамдық ұйымы мен Абдырасулованың "Кылым шамы" ұйымы қырғыз билігін 2010 жылы жазда Қырғызстанның оңтүстігінде қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында болған қақтығыстарға қатысты қылмыстық істерді қайта қарамай отыр деп айыптаған.
"Бир дүйнө - Қырғызстан" ұйымы сонымен қатар өткен айда биліктің этникалық өзбек саяси белсендісі Азимжан Аскаровтың үйін тартып алғанын қатаң айыптаған. Аскаров 2010 жылғы қақтығыстармен байланысты айыптармен өмір бойына соталып, түрмеде отыр. Аскаров өзіне қарсы істің саяси астары бар дейді.