Accessibility links

Парижде шабуылдан үш адам мерт болды


Шабуыл болған аймақта жүрген полиция арнайы көлігі. Франция, Магнанвилль, 13 маусым 2016 жыл.
Шабуыл болған аймақта жүрген полиция арнайы көлігі. Франция, Магнанвилль, 13 маусым 2016 жыл.

13 маусым күні түнде Париж түбінде пышақпен қаруланған ер адамның қолынан полиция қызметкері мен оның әйелі мерт болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, полиция қарулы адамның көзін жойып, ол кепілге алған баланы құтқарып қалған.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Пьер-Анри Брандеттің хабарлауынша, хабарлауынша, шабуыл жасаған адам Парижден батысқа қарай 55 километрдегі Магнанвилль қаласында түнде полицияны үйінің алдында пышақтап өлтірген. Бұдан соң ол үйге басып кіріп, әйел мен баланы кепілге алған. Полиция жасағы кепілдегілерді құтқару үшін үйге басып кірген.

Кепілдегі әйел мен шабуылдаған адам мерт болып, жас бала аман қалған.

"Ауыр қайғыға ұшырадық. Бақытымызға орай, баланы аман-есен құтқарып қалдық" деді Брандет.

Шабуыл жасаған адамның кім екені және оны мұндай қылмысқа не итермелегені әзіге белгісіз. Еуропаның өзге де елдері сияқты Францияда да бұған дейін бірнеше шабуыл болған.

XS
SM
MD
LG