Accessibility links

Ресей "АҚШ Демократиялық партиясына" хакерлік шабуыл жасаған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей үкіметінің хакерлері АҚШ Демократиялық ұлттық комитетінің компьютерлік желілерін бұзып, республикашыл кандидат Дональд Трампқа қатысты зерттеулерді ұрлаған. Бұл туралы комитет өкілдері мен сарапшыларға сілтеме жасаған Washington Post басылымы хабарлады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей билігінің хакерлік шабуылға қатысы барын жоққа шығарды. "Біз хакерлік шабуыл болғанын білген кезде оған кәдімгідей назар аудардық" деді комитет өкілі Дебби Вассерман Шульц.

Өткен жексенбіде жаппай тазалау кезінде хакерлер жүйеден шығарылған. Хакерлік шабуыл салдарларын жойған CrowdStrike компаниясы сарапшыларының ұйғарымынша, компьютерлерге жеке екі топ компьютерлер мен электрондық почтадағы хаттарға қол жеткізген.

CrowdStrike мамандарының мәліметінше, бұл хакерлік екі топ Ресей билігіне саяси және экономикалық тыңшылық жасаумен айналысады және барлау қызметімен байланыста. АҚШ билігінің кейбір өкілдері де хакерлер президенттікке Республикашыл партия атынан түсуге үміткер Дональд Трампқа және Демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтонға қатысы бар компьютерлерге кірмек болған дейді.

XS
SM
MD
LG