Accessibility links

Тәжікстанда түрмеден қашқан үшеудің бірі оққа ұшып, біреуі ұсталған


Ходженттегі тергеу абақтысы. Тәжікстан, 2 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Ходженттегі тергеу абақтысы. Тәжікстан, 2 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Бүгін Тәжікстан ішкі істер министрлігі Соғды облысы Ходжент қаласындағы қамау колониясынан жұма күні кешке қашқан үш тұтқынның біреуі оққа ұшып, біреуі жараланғаны, үшіншісі қазір іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат таратты деп хабарлады Озоди радиосы (Азаттықтың Тәжік қызметі).

«Мирзозариф Каюмовты қашуға әрекет жасаған кезде күзетшілер атып өлтірген, Хабибджон Юсуфов жараланып қолға түскен, ал Рамзуллохон Додохонов қашып кеткен» делінген полиция ақпаратында.

Полиция мәліметінде 28 жастағы Додохоновтың «террористік бағыттағы қылмысы» үшін 20 жылға бас еркіндігінен айырылғаны, Юсуфов «қарулы қарақшылық» үшін - 20 жылға, Каюмов «терроризм» айыбымен - 14 жылға сотталғаны айтылған.

Озоди радиосына дереккөзі түрмеден қашу оқиғасы кезінде түзеу колониясының тәрбие бөлімі бастығы полковник Ермамад Алимамадов қаза тапқан деп хабарлаған. Бұл ақпаратты ресми орындар әзірше растаған жоқ, теріске де шығармады.

XS
SM
MD
LG