Accessibility links

Ресейде Восточный космодромын жобалаушы 5 жылға сотталды


Ресейдің Амур облысындағы Восточный космодромы.
Ресейдің Амур облысындағы Восточный космодромы.

Мәскеудің Гагарин аудандық соты Восточный космодромы жобасының бұрынғы бас инженері Сергей Островскийді бес жылға соттады. Сот оны аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап, 800 мың рубль айыппұл салды.

Тергеу мәліметі бойынша, 2011 жылы Островский "Ресей федерациясы қорғаныс министрлігінің 31-мемлекеттік жобалау институты арнайы құрылысы" жобасының бас инженерлер тобын басқарып тұрғанда және "ПСК МИКОС" компаниясын құрушы әрі бас директоры болып тұрғанында федералдық бюджеттен алаяқтық жолмен 14 миллион рубльден астам (қазіргі бағам бойынша 218 мың доллар)қаржы жымқырған. Қаржы Восточный космодромының ұшу кешенін жобалау және іздеу жұмыстарына бөлінген.

Мамыр айында Восточный космодромын салу кезіндегі қаржы жымқыру ісі бойынша "Тынық мұхиты көпір құрылысы компаниясының" (ТМК) директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Сергей Юдин үш жыл төрт айға сотталған. ТМК - космодром құрылысын салған мердігер компания.

XS
SM
MD
LG