Германия Еуропа Одағы (ЕО) Ұлыбритания одақтан шығу туралы ресми өтініш білдірмейінше Лондонмен ешқандай бейресми келіссөз жүргізбейтінін ескертті.
Ал әлем елдері жетекшілері Ұлыбританияның ЕО-дан шығуына қатысты жағдайға жауап қату шараларын кеңесіп жатыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Брюссельге барып, НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен және ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могеринимен шұғыл түрде жолықты. Бұдан соң Керри Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммондпен келіссөз жүргізу үшін Лондонға барды.
Таяу күндері Германия, Франция және Италия басшылары Берлинде жиналады. Германия және Франция билігі дағдарысты шешу мәселесінде бір ұстанымда екенін мәлімдеді. Германия канцлерінің баспасөз хатшысы Штеффен Зайберт "Әзірге бір нәрсе айқын: Ұлыбритания өзі ескертпейінше бұл елдің ЕО-дан шығу шарттары жайлы ешқандай бейресми келіссөз болмайды" деді.
ЕО құру туралы 50-баптан Ұлыбританияның өзі ғана бас тартып, одаққа мүшеліктен бас тарта алады. Отставкаға кетіп жатқан Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон ЕО-дан шығу процесіне бірнеше ай кетуі мүмкін екенін меңзеген. Зайберт те "белгісіздік мәңгі болуы мүмкін емесін" айтты.