Сауд Арабиясының Джидда қаласында жанкешті АҚШ консулдығы алдында өзін-өзі жарып жіберді.
Жарылыстан екі полиция жарақат алған. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, 4 шілдеде таңертең жанкешті өзі мінген көлікті консулдық жанына тоқтатқан және маңына полиция келгенде жарылғыш затты іске қосқан.
АҚШ елшілігі жарылыстан өз қызметкерлерінің зардап шекпегенін хабарлады.
2004 жылы "әл-Каида" содырлары Джиддадағы АҚШ консульдығына шабуыл жасап, бес адам мерт болған. Жергілікті полиция мен содырлар арасындағы атыстан төрт "әл-Каида" мүшесінің көзі жойылған.