Accessibility links

Кремль: Қазақстан, Түркия және Армениядағы жағдайларға алаңдаймыз


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Мәскеу Қазақстандағы "исламшыл қарулы топтың" полицияға шабуылына, Түркиядағы бүлік және Армениядағы қарулы топтың кепілге адам алу оқиғаларына қатысты алаңдаушылық білдірді.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков баспасөз конференциясында журналистерге Ресей көрші елдердегі толқу алаңдайтынын айтқан.

"Бізге түсіп жатқан ақпараттарға сай тиісті қауіпсіздік шараларын жасап жатырмыз. Біз көршілеріміздің көркейіп, тұрақты және болжауға келетіндей ел болғанын қалаймыз" деген Песков.

Алматыда бүгін қарулы бірнеше адам Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасап, үш полицей мен бір бейбіт тұрғын қаза тапқан.

17 шілдеде Ереванда "Құрылтай парламенті" қозғалысының қарулы боп белсендісі полиция штабын басып алып, адамдарды кепілге алған. Соңғы мәлімет бойынша, Армения полициясының кепілдегілерді босату жөніндегі келіссөзі әлі аяқталмаған.

Сенбіге қараған түні Түркияда мемлекеттік төңкеріс арқылы билікті басып алу әрекеті жасалды. Ресми мәлімет бойынша, 300-ге тарта адам қаза тапқан. Бүлікке қатысты алты мыңға жуық әскери қызметкер ұсталған.

XS
SM
MD
LG