Сириядағы АҚШ қолдайтын көтерілісші күштер бейбіт тұрғындардың құрбан болуына жол бермеу үшін "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына Түркиямен шекарадағы Манбидж қаласын тастап шығуға 48 сағат уақыт берді. Манбидждің құрамына Сирия демократиялық күштері кіретін әскери кеңесі 48 сағат содырларға "қаладан тірі шығып кетуге берілген жалғыз әрі соңғы мүмкіндік" екенін мәлімдеді.
Манбижде ондаған мың бейбіт тұрғын қамалып отыр. Манбидж - содырлар астанасы Ракка қаласын керек-жарақпен қамтамасыз ететін жол бойында орналасқан, ИМ үшін тірек қала саналады.
Әскери кеңес содырларға қаладан өздерінің жеке қаруларымен кетуге рұқсат ететінін мәлімдеді. Шетелдік әскери-әуе күштері қолдайтын көтерілісшілер Манбиджді қоршағанымен, бейбіт тұрғындардың қаза болуына жол бермеу үшін қала орталығына шабуылдаудан тартынып тұр. 19 шілдеде АҚШ әскери-әуе күштерінің шабуылынан мұнда 56 бейбіт тұрғын мерт болған.