Accessibility links

Қазақстан Бразилиямен визасыз режим келісімін жасасты


Астана қаласының көрінісі (Көрнекі сурет).
Астана қаласының көрінісі (Көрнекі сурет).

Қазақстан мен Бразилия визасыз режим орнату туралы келісім жасасты. ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, келісімге Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеубердин мен Бразилияның Қазақстандағы елшісі Деметрио Буэно қол қойған.

Тілеубердиннің айтуынша, келісім бойынша енді Қазақстан мен Бразилия азаматтары екі елде 30 күнге дейін визасыз жүріп-тұра алатынын, екі ел арасында қарым-қатынастың жақсарып келе жатқанын айтады.

Қол қою рәсімінен соң Мұхтар Тілеубердин Бразилия мен Қазақстан визасыз режимді 5 тамызда Рио-де-Жанейрода басталатын олимпиадаға дейін енгізуге тырысып жатқанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің хабарлауынша, Тілеубердин тараптар ішкі процедураларды жасап үлгереді және Қазақстан азаматтары осы олимпиада ойындарына визасыз бара алады деп үміттенетінін айтқан.

Рио-де-Жанейрода олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Қазір Қазақстанға АҚШ, Нидерланд, Ұлыбритания, Австралия, Венгрия, Монако, Бельгия, Испания, Швеция, Сингапур, Финляндия, Швейцария, Франция, Германия, Италия, Швейцария, Норвегия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея және Жапонияның дипломатиялық, қызметтік және мемлекеттік паспорттары бар азаматтары 15 күнге дейінгі мерзімге бірнеше рет келіп-кете алады.

XS
SM
MD
LG