Accessibility links

Путин Қырымды Оңтүстік федералдық округ құрамына қосты


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин Қырым федералдық округін жойып, оны Оңтүстік федералдық округіне қосу туралы жарлық шығарды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы.

Сонымен қатар бүгін президенттің Қырым федералдық округіндегі уәкілетті өкілі Олег Белавенцев отставкаға жіберіліп, президенттің Солтүстік Кавказ федералдық округіндегі уәкілетті өкілі болып тағайындалған.

Бұдан өзге, бүгін Ресейдің Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил Зурабов қызметінен босатылған.

Қырым федералдық округі 2014 жылы наурызда Ресей Қырымды Украинадан аннексиялап алған соң құрылған болатын.

XS
SM
MD
LG