Accessibility links

"Нусра майданы" "Әл-Қаидадан" бөлінгенін хабарлады


Сириядағы "Нусра майданы" тобы содырларының бір тобы (Көрнекі сурет).
Сириядағы "Нусра майданы" тобы содырларының бір тобы (Көрнекі сурет).

"Әл-Қаиданың" ұйымының Сириядағы бөлімі - "Нусра майданы" тобы ұйым құрамынан шығатынын мәлімдеді.

"Нусра майданы" тобы мен экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы Сирия бейбіт келіссөзінен шығарылып, АҚШ пен Ресей әскери әуе күштерінің шабуыл нысанасына алынған.

"Нусра майданының" Сириядағы жетекшісі Абу Мохамад әл-Джолани Al-Jazeera телеарнасына берген сұхбатында топ бұдан былай "Джабхат Фатих әл-Шам" деп аталатынын және "шетелдік ұйымдармен ешқандай байланыста болмайтынын" айтты.

"Әл-Қаида" жетекшілері топты "ислам игілігі үшін" бөлінуі керек деген. Бірақ "Нусра майданы" "ислам талаптарына негізделген" халифат құру мақсатын қолдай бермек.

АҚШ билігі екі топтың бөлінді дегеніне күмәнданады.

АҚШ барлау қызметінің басшысы Джеймс Клаппер бөлінуді "көпшіліктің көзін алдау" әрекеті деп атады. "Олардың "Әл-Қаидадан" бөлінген, я бөлінбегенін анықтау керек" деді ол.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джон Кирби "Біз олардың әрекеті әртүрлі дегенге сендіретін ешқандай себеп көре алмай тұрмыз. Олар әлі күнге шетелдік террористік ұйымдар деп саналады" деді Кирби.

XS
SM
MD
LG