Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) допинг ережесін бұзғаны үшін Ресей ауыр атлетика құрамасын Рио олимпиадасынан шеттетті. Бұл туралы IWF өзінің ресми сайтында хабарлаған.
Ресей ауыр атлетика құрамасы басында Рио олимпиадасына он жолдама алған. Кейін IWF Хьюстондағы әлем чемпионаты кезінде екі ресейлік ауыр атлеттің сынамалары оң нәтиже берген соң екі жолдаманы алып алған. Ресей ауыр атлетика құрамасы Риоға сегіз спортшымен қатысуы тиіс еді.
Сондай-ақ Пекин мен Лондон олимпиадасына қатысқан спортшылардың анализдерін қайта тексергенде жеті ресейлік ауыр атлеттің сынамасы оң нәтиже берген.
Маусымда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы допинг ережесін сақтамағаны үшін Ресей жеңіл атлетика құрамасын толығымен Рио олимпиадасына қатысу құқығынан айырған.