Accessibility links

Лавров: Nord Stream 2 құбыры жобасы тоқтаған жоқ


Ресей және Германия сыртқы істер министрлері Сергей Лавров (сол жақта) пен Франк-Вальтер Штайнмайер. Орал федералдық округі, 15 тамыз 2016 жыл.
Ресей және Германия сыртқы істер министрлері Сергей Лавров (сол жақта) пен Франк-Вальтер Штайнмайер. Орал федералдық округі, 15 тамыз 2016 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Nord Stream 2 табиғи газ құбыры жобасын дамытуға шақырды. "Жоба Еуропа одағындағы қазіргі газ инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сай келеді" деп мәлімдеді Сергей Лавров.

15 тамызда Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесуі қарсаңында Екатеринбургте студенттер алдында сөйлеген Лавров "парасат саясаттан жоғары тұратынын" айтты.

Штайнмайер болса Еуропа компаниялары бұл жобаға мүдделі екенін және кез келген қиындықтар компаниялар арасындағы келіссөздер барысында шешілуі тиістігін білдірді. "Саясаттың бұл жерде еш әсері жоқ", - деді Штайнмайер.

Осы айдың басында Польшада Еуропа Одағындағы реттеуші органдар ресейлік "Газпром" компаниясы мен оның еуропалық серіктестерінің бірігуіне "бәсекелестікті шектеуі мүмкін" деп қарсылық білдірген. Бұдан соң "Газпром" мен еуропалық компаниялар бірігу туралы өтініштерін қайтарып алған еді.

"Газпром", англо-даттық Shell тобы, австриялық OMV және Германияның Uniper мен Wintershall компаниялары Балтық теңізі түбімен Ресейден Германияға табиғи газ құбырын тартуды жоспарланған. Құбыр Украина аумағын айналып өтеді деп жоспарланған.

13 тамызда компаниялар өтініштерін қайтарып алғанына қарамастан жоба әлі күшінде екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG