Accessibility links

Баку: Гүленнің жақтастарына қарсы іс қозғалды


Түркиялық діни қайраткер Фетхулла Гүлен.
Түркиялық діни қайраткер Фетхулла Гүлен.

Әзербайжан түркиялық діни қайраткер, Анкара мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптаған Фетхулла Гүленнің "жақтастарына" қылмыстық тергеу бастады.

"Фетхулла Гүленнің террористік ұйымы жақтастарының Әзербайжан территориясында заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін бас прокуратура қылмыстық іс қозғады" деп хабарлады прокуратураның баспасөз хатшысы Эльдар Султанов France Press агенттігіне.

Ол тергеушілер істі "нақты факт" бойынша қозғағанын айтып, егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартты. Қылмыстық іс бойынша қанша адамның қудалауға ұшырауы мүмкін екені белгісіз.

Түркия билігі АҚШ-та тұрып жатқан Фетхулла Гүленді 15 шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне нұсқау берді деп біледі. Бүлік кезінде әскерилердің шағын тобы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды биліктен тайдырмақ болған. Гүлен өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

Әзербайжан өткен айда жекеменшік телеарнаны Фетхулла Гүленмен болған сұхбатты көрсетпек болғаны үшін жауып тастаған. Анкара мұны "Түркия мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестікке нұқсан келтіруге арандатудың алдын алу үшін" жасағанын айтады.

Фетхулла Гүленнің "Хизмет" қозғалысы бұрынғы бірнеше совет республикаларындағы түріктер ашқан мектептерді қаржыландырған.

Гүленнің жақтастары өздерінің мақсаты - қалыпты ислам мен сапалы білім беруге қолдау көрсету екенін айтады.

XS
SM
MD
LG