Accessibility links

Ресей Сирия территориясына Ираннан әуе соққысын жасады


Рсеей қорғаныс министрлігі жариялаған Ту-22М3 стратегиялық бомбалаушы ұшағының Сирия аумағына бомба тастап жатқаны туралы сурет. 16 тамыз 2016 жыл.
Рсеей қорғаныс министрлігі жариялаған Ту-22М3 стратегиялық бомбалаушы ұшағының Сирия аумағына бомба тастап жатқаны туралы сурет. 16 тамыз 2016 жыл.

Ресей әскери ұшақтары Ирандағы әуе базасынан бірінші рет Сирия аумағына әуе шабуылдарын жасады деп хабарлайды ресейлік ақпарат құралдары. Ресей қорғаныс министрлігі шабуылды 16 тамызда Иранның Хамадан әуе базасынан ұшып шыққан Ту-22М3 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары және Су-34 бомбалаушы ұшақтары жасағанын айтады.

Министрлік әуе шабуылдарынан Сирияның солтүстігіндегі Дейр-әз-Зор, Жафра және Алеппо провинцияларында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының нысандарын, оның ішінде қару-жарақ қоймалары мен жаттығу лагерлерін жойғанын айтады.

Ресей Сирияда әскери-әуе операцияларын 2015 жылдың қыркүйегінде бастаған. Ресей әскері Сириядағы соғысты президент Башар Асадтың күштерін қолдайды.

XS
SM
MD
LG