Accessibility links

AIBA: Қателік жіберген төрешілер олимпиададан шеттетілді


Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Василий Левиттің қолын көтеріп тұр. 15 тамыз 2016 жыл.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Василий Левиттің қолын көтеріп тұр. 15 тамыз 2016 жыл.

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) таратқан ресми мәлімдеме бойынша, Рио олимпиадасы кезінде қателік жіберген төрешілер олимпиада аяқталғанша жарыстан шеттетіледі.

"AIBA Рио олимпиадасы кезінде өткен 239 кездесуге сараптама жасап, "кей шешімдер талапқа сай қабылданбаған" деген шешімге келді. Қателік жіберген төрешілер мен реферилер Рио олимпиадасы аяқталғанша кездесулерде төрелік етпейді. Ал кездесу нәтижелері сақталады" деп жазылған ұйымның ресми мәлімдемесінде.

Бірақ AIBA өзі таратқан мәлімдемеде олимпиадада төрелік етуден шеттетілген төрешілер есімін, олардың нақты қай кездесулерде қателік жібергенін жарияламаған.

Рио олимпиадасында 91 килограмның финалында төрешілер шешімімен ресейлік Евгений Тищенкоға алтын, қазақстандық Василий Левитке күміс берілгеннен кейін бокс мамандары мен жанкүйерлер төрешілер шешіміне наразы болған.

XS
SM
MD
LG