Accessibility links

Назарбаев жер кодексіне қатысты мораторийді ұзартты


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексінің кейбір даулы баптарына енгізілген мораторийді бес жылға ұзарту туралы жарлық шығарды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев жер кодексінің кейбір баптарына 2016 жылдың соңына дейін мораторий жариялау туралы жарлығын 6 мамырда шығарған. Президент енді осы жарлыққа мораторий мерзімін ұзарту туралы өзгеріс енгізген.

Көктемде Қазақстанда жер мәселесіне байланысты наразылық күшейген соң мамыр айының бас кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексіндегі биыл шілденің 1-інен бастап күшіне енуі тиіс даулы баптарға жыл соңына дейін мораторий жариялаған.

Жер кодексіне қатысты құрылған қоғамдық комиссиясы осы мораторийдің мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды ұсынған. Жер комиссиясы 13 тамызда қабылдаған қаулыда егер президент Назарбаев мораторий мерзімін бес жылға ұзарту туралы ұсынысты қабыл алса, онда жер комиссиясының жұмысы аяқталды деп саналатыны айтылған.

18 тамызда Астанада Назарбаевтың төрағалығымен өткен жиында президент мораторийді бес жылға ұзарту ұсынысын қабылдағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG