Accessibility links

ОҚО-да сабаннан салынған 300-ден аса мектеп бар


Бағыс ауылындағы апатты жағдайда тұрған №23 Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектеп ғимараты. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бағыс ауылы, 19 желтоқсан 2015 жыл. Көрнекі сурет
Бағыс ауылындағы апатты жағдайда тұрған №23 Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектеп ғимараты. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бағыс ауылы, 19 желтоқсан 2015 жыл. Көрнекі сурет

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов облыста сабаннан салынған 300-ден аса мектеп бар екенін мəлімдеді. Бұл дерек Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде премьер-министр Кәрім Мәсімов 22 тамызда өткізген білім саласындағы өзекті мəселелерді талқылау жиынында келтірілді.

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің бас редакторы Абай Балажан қазақша жүргізілген жиында "Облыстағы сабаннан салынған мектептердің мəселесі қай уақытта шешіледі?" деп сұрақ қойды. Облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов:

- Облыс бойынша 1022 мектеп болса, оның 700-і типтік мектеп. Ал 300-ден астамы ыңғайластырылған жəне сабаннан салынған мектептер. Осы мəселені шешу үшін 2016 жылы ұлттық қордан жəне облыстық бюджеттен 22,5 миллиард теңге бөлінді, - деп жауап берді.

Əкімнің сөзінше, "алдағы үш жылда сабаннан салынған жəне ыңғайластырылған мектеп саны азаяды".

Ресми дерек бойынша биыл ОҚО-да 63 мектептің құрылысы басталған, жаңа оқу жылында оның 25-і пайдалануға беріледі.

XS
SM
MD
LG