АҚШ Сирияда Түркия әскері мен күрд жасақтары арасында қақтығыстың уақытша тоқтатылуын құптайды. Бірақ уақытша бітімнің қаншаға созылатыны белгісіз. АҚШ автономия үшін күресіп жүрген күрд жасақтарын одақтас санайды.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джон Кирби екі тарап арасындағы бейбітшіліктің 12-ден 18 сағатқа ұзарғанын және АҚШ коалиция мүшелерінің "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы соғысқа жұмылғанын қалайтынын айтады.
"Соңғы бірнеше сағаттың ішінде бізге барлық тараптардың ұрысты тоқтатып, "Ислам мемлекетін" нысанаға алғанын растап жатыр. Ұрыс кем дегенде келесі бірнеше күнге созылады және біз жанжал бұдан ары тоқтайды деп үміттенеміз, - дейді АҚШ-тың орталық қолбасшылық штабы өкілі Джон Томас.
Вашингтон соңғы аптада Түркияның солтүстік Сирияны басып кіре бастағаннан бері одақтастарының арасындағы қақтығыстарды тоқтатуға күш жұмсап келеді.
Күртд жасақтары жетекшілігінің өкілі Түркиямен арадағы жанжалдың тоқтатылғанын мәлімдеді. Бірақ Түркия әскерилері екі арада қандай да бір келісім болғанын жоққа шығарып отыр. Түркиямен де соғысып жүрген Сирия көтерілісшілерінің командирі мұны тек «үзіліс» деп атап, әскери операциялар таяуда қайтадан жанданатынын айтты.