Accessibility links

Ердоған Обамамен Гүленді экстрадициялау мәселесін талқылайды


Фетхулла Гүлен.
Фетхулла Гүлен.

Түркия президенті Реджеп Ердоған АҚШ басшысы Барак Обамамен 4 қыркүйекте Қытайдан өтетін "Үлкен жиырмалық" елдерінің жиынында кездеседі. Кездесу кезінде Ердоған дін қайраткері Фетхулла Гүленді экстрадициялау мәселесін талқыламақ.

Бұл туралы Түркия президентінің кеңесшісі Ибрагим Калын мәлімдеді. АҚШ бұл мәлімдемеге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

24 тамызда Түркияға барған АҚШ вице-президенті Джо Байден "АҚШ Гүленге тағылған айыпты тексеріп, заңға сүйеніп шешім қабылдайтынын" айтқан.

Түркия президенті 15 шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұратын Фетхулла Гүленнен көреді. Гүлен бүлікке қатысы барын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG