Accessibility links

Ресей мен Қытай бірлескен әскери жаттығуын бастады


Оңтүстік Қытай теңізінде жүрген қытайлық кемелер.
Оңтүстік Қытай теңізінде жүрген қытайлық кемелер.

Ресей мен Қытай "Теңіз әріптестігі -2016" әскери-теңіз жаттығуын бастады деп хабарлады Пекин өкілі Лян Ян.

Оңтүстік Қытай теңізінде өтетін жаттығуда Қытайдың көрші елдермен дауы бар аумақтағы аралдар мен қайраңдарды "басып алу мен бақылау орнату" жайы пысықталады. Жаттығуға суасты қайықтары мен кемелері, ұшақтар, амфибиялар, беренді техника мен теңіз әскері қатыспақ.

Жаттығу екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен достық байланысты нығайтуға бағытталған дейді Пекин.

Пекин мен Мәскеу арасындағы біріккен жаттығулар соңғы жылдары бұл аймақтағы АҚШ пен одақтастарының әрекетіне қатысты жиі өтіп келеді.

Қытай Оңтүстік Қытай теңізі аумағын түгел өзі меншіктеп, әскери инфрақұрылым бар жасанды аралдар сала бастаған. Бұған наразы АҚШ халықаралық теңіз жолдарын ашық ету және Қытайдың талабын мойындамау мақсатында ол маңға әлденеше рет әскери кемелерін жіберген.

XS
SM
MD
LG