Словениялық Александер Чеферин Еуропа футбол қауымдастығының (УЕФА) президенті болып тағайындалды. Бұл туралы УЕФА баспасөз қызметі хабарлады. Ол бұған дейін Словения футбол федерациясын басқарған.
Чеферин Грекияда өтіп жатқан УЕФА-ның конгресінде өткен сайлауда жеңіске жетті. УЕФА-ға мүше 55 елдің 42-сі Чеферинге дауыс берген. Чефериннен бөлек президенттікке голландиялық Михаэль Ван Прааг түскен.
УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини бүгін қызметінен ресми түрде кеткенін мәлімдеді. Платини 2011 жылы ФИФА президенті Зепп Блаттерден заңсыз түрде 1,8 млн доллар сыйақы алды деп айыпталған.