Accessibility links

Бішкектегі ТМД саммитіне 4 елдің президенті қатысады


ТМД белгісі.
ТМД белгісі.

16 қыркүйекте Бішкекте өтетін ТМД саммитіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Белорусь басшысы Александр Лукашенко келеді. Қалған елдерден премьер-министрлер мен сыртқы істер министрліктерінің өкілдері қатысады. Бұл туралы Қырғызстан президенті әкімшілігінің өкілі Сапар Исаков мәлімдеді.

"Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзияевтан хат алдық. Ол Бішкектегі саммитке сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың қатысатынын айтты. Ал Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Алмазбек Атамбаевқа қоңырау шалып, ТМД саммиті елдегі маңызды шаралармен тұспа-тұс келгендіктен премьер-министр баратынын мәлімдеді" деді Исаков.

Исаков Молдовада президент сайлауына байланысты Бішкектегі саммитке бұл елден де премьер-министр келетінін айтты.

XS
SM
MD
LG