БҰҰ Украинаның шығысындағы адам құқықтары туралы есебін жариялады. Ұйым дерегінше, 2016 жылдың маусымы мен тамызы аралығында Украинаның шығысындағы қақтығыстан 188 бейбіт тұрғын зардап шеккен. Олардың 28-і мерт болып, 160-ы жарақат алған. Тұрғындардың көбі мина жарылысынан қаза тапқан.
БҰҰ есебінде 2014 жылдың сәуірі мен 2016 жылдың 15 қыркүйегі аралығында Украинада әскерилер, қарулы топтардың мүшелері мен бейбіт тұрғындарды қоса есептегенде 9 мың 640 адам көз жұмып, 22 мың 430 адам жарақат алған.