Accessibility links

БҰҰ: Гуманитарлық көмек тиелген көліктерге шабуыл жасалды


Алеппо қаласы.
Алеппо қаласы.

БҰҰ өкілдері 19 қыркүйекте гуманитарлық көмек тиелген автокөліктерге жасалған әуе шабуылына 12 адам мерт болып, ондаған адам жарақаттанғанын хабарлады. Жүк тиелген 31 машинаның 18-і зақымданған.

БҰҰ мен "Қызыл крест" ұйымы АҚШ пен Ресейдің бітім келісімне сай Алеппо қаласына тамақ, дәрі-дәрмек жеткізуі тиіс болған. Куәгерлердің айтуынша, ұшақтардың бірінші тобы жүк көліктеріне шабуыл жасаса, екінші тобы дәрігерлерге оқ атқан. Мұндай тактиканы Сириядағы Ресей әскерилері мен Асад әскері жиі қолданады.

Қыркүйектің 9-ы күні Женевада Джон Керри мен Сергей Лавров арасында жасалған келісімде Сирия үкіметі оппозиция күштеріне қарсы әуе шабуылы мен атысты тоқтатып, Алеппо қаласына гуманитарлық жүк жеткізу үшін жол ашуы тиіс екені, ал АҚШ пен Ресей террористік топтар туралы барлау мәліметтерімен алмасып, оларға қарсы әуе операцияларын үйлестіретіні айтылған еді.

XS
SM
MD
LG