Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ресейді Сириядағы ахуалға қатысты айыптады


Алеппоның солтүстігіндегі әл-Муасалат ауданы. Сирия, 23 қыркүйек 2016 жыл.
Алеппоның солтүстігіндегі әл-Муасалат ауданы. Сирия, 23 қыркүйек 2016 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды талқылауға шұғыл жиналғанда Сирия әскери-әуе күштерінің ұшақтары қоршауда тұрған Алепподағы көтерілісшілер шептерін бомбалады. Жиын басында БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура Сирия үкіметін Алепподағы бейбіт тұрғындарға "шектен тыс әскери зорлық-зомбылық көрсетіп жатыр" деп айыптады.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымы 25 қыркүйекте болған әуе шабуылдарынан кем дегенде 23 адам қаза тапты деп хабарлады. АҚШ, Ұлыбритания мен Франция Ресейді Сириядағы жағдайды ушықтырды деп айыптайды. "Ресей Сирияда терроризмге қарсы әрекет етіп отырған жоқ, керісінше тағылық жасап жатыр. Ресей мен Башар Асад Сирияда бейбітшілік орнатудың орнына соғыс жасап отыр" деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Саманта Пауэр. "Ресейдің әрекеті қақтығысты созып, қайғыны көбейтіп жатыр" деп мәлімдеді британ елшісі Мэтью Райкфорт.

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин Вашингтон қолдайтын оппозицияшыл топтар қақтығысты тоқтату келісімін бұзғандықтан "қазір бейбітшілік орнату шама келмейтін іс екенін" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG