АҚШ пен Ресей таяудағы күндері Сирия дағдарысына қатысты екі күндік келіссөз өткізуді жоспарлап отырғанын жариялады. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 16 қазанда Швейцарияда АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездеспек. Екінші халықаралық кездесу 17 қазанда Лонднда өтеді. Бірақ оған Ресей қатыспайды.
АҚШ Сириядағы бітім бұзылған соң Ресеймен екіжақты дипломатиялық қарым-қатынасты бұзғаннан бері Вашингтон мен Мәскеу өкілдері бірінші рет кездеспек. Керри Швейцария мен Лондонда өтетін екі кездесуге де қатысады. 17 қазанда ол дипломатиялық процестің барысы туралы еуропалық әріптестеріне хабарлауы мүмкін.
Ресей сыртқы істер министрлігі Лавров пен Керри Лозаннада "Сирия дағдарысын шешуге жағдай жасау үшін" "аймақтағы бірнеше ықпалды елдің" өкілдерімен кездесетінін хабарлады. Лавров кездесуге Түркия, Сауд Арабиясы және Катар дипломаттары қатысуы керегін айтты.