Accessibility links

Алматылық журналист өзіне "шабуылдағанын" мәлімдеді


Ирина Медникова, журналист.
Ирина Медникова, журналист.

Алматыда белгісіз біреу журналист Ирина Медниковаға шабуылдады. Бұл туралы Медникова Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Оқиға 12 қазан күні кешке жақын, журналистің үйінің қасында болған. "Шабуылдаған ер адам мені жерге сүйретіп, тіземді қан қылды, көлікке ұрып, сөмкемді тартып алып қашып кетті" деп жазады журналист.

"Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі" қоғамдық ұйымының директоры Ирина Медникованың сөзіне қарағанда, сөмкесінде Атырау қаласында өтетін ақпарат саласына қатысты шараның құжаттары мен материалдары болған. Informburo сайтының хабарлауныша, Медникова шабуылды өзінің қызметімен байланыстырады.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек журналиске шабуыл жасау фактісі бойынша "кісі тонау" бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталғанын хабарлаған.

Ирина Медникова оппозицияшыл "Республика" газетінде мақала жариялап тұрған. Бұл басылым редакциясы мен журналистері газет ашылған 2000 жылдан бері қуғын көрген. Басылымды Қазақстан билігі "экстремистік" деп танып, жауып тастаған.

XS
SM
MD
LG