Accessibility links

Ұлыбритания Солтүстік теңіздегі Ресей әскери кемелерінің қозғалысын бақылайды


Норвегияға жақын халықаралық теңізде кетіп бара жатқан Ресейдің "Адмирал Кузнецов" авианосеці.
Норвегияға жақын халықаралық теңізде кетіп бара жатқан Ресейдің "Адмирал Кузнецов" авианосеці.

Ұлыбритания Солтүстік теңізде кетіп бара жатқан Ресейдің авианосеці мен өзге бірнеше кемені бақылауға екі әскери кемесін жөнелтті.

"Адмирал Кузнецов" кемесі өзге жеті әскери кеме қазір Норвегиямен шектес теңізде Сирияға қарай кетіп барады. Ресей әскери кемелерін Сирияға НАТО Мәскеуді әскери маневрлерді арандату мақсатында жасайды деп айыптап, екі жақ арасы шиеленіскен кезеңде жіберіп отыр.

"Әскери кемелер судағы территориямызға жақын кетіп бара жатқандықтан біз олардың әрбір қадамын бақылаймыз. Біз Ұлыбританияның қауіпсіздігін сақтау міндетімізді берік орындаймыз" деді Ұлыбританияның қорғаныс министрі Майкл Фаллон.

Қорғаныс министрлігі эсминецтерінің бірі Портсмуттан шығып, тағы бір фрегатпен бірге оңтүстікке қарай бағыт алып бара жатқан Ресей кемелерін қақпайлап жүретінін айтады. Ал солтүстікте тағы бір эсминец Португалия жақтан Ұлыбританияға жаққа бет алған Ресейдің екі жеңіл әскери кемесін қадағалайды.

Ресейдің жалғыз "Адмирал Кузнецов" авианосеці ондаған әскери ұшақты тасымалдай алады. Онымен бірге атом сүңгуір қайығы, екі сүңгуір қайыққа қарсы кеме және төрт кеме де жүріп отырады.

XS
SM
MD
LG