Accessibility links

Алеппода "гуманитарлық бітім" аяқталған соң ұрыс қайта жалғасты


Сирияның ұрыс жүріп жатқан Алеппо қаласы.
Сирияның ұрыс жүріп жатқан Алеппо қаласы.

Сирияның Алеппо қаласында Дамаск мен оның одақтасы Ресей жариялаған 72 сағаттық "гуманитарлық бітім" аяқталған соң ұрыс қайта жалғасты. Syrian Observatory for Human Rights ұйымы 23 қазанда Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы шығыс аудандары әуеден және артиллериядан атқыланғанын мәлімдеді.

Лондонда орналасқан ұйым үкімет әскері Алеппоның оңтүстік бөлігіне қарай жылжып, көтерілісшілер бақылауындағы Рашиддин және Хан-Туман аудандарына шығатын территорияны басып алғанын хабарлады.

Ұйым бақылаушыларының мәліметінше, бұл ұрыстардың барысында бұрын "Әл-Қаидамен" байланыста болған "Фатех әл-Шам майданы" тобының 20 содыры қаза тапқан. 23 қазанда сонымен қатар көтерілісшілер Алеппоның батыс бөлігіндегі аудандарды атқылаған.

Бақылаушылардың хабарлауынша, 24 қазанға қараған түні Алеппоның үкімет әскері бақылауындағы батыс бөлігін көтерілісшілер бақылауындағы шығыс аудандарынан бөліп тұратын майдан шебінде кескілескен ұрыс жүрген.

XS
SM
MD
LG